Astana Open: Данилина екінші айналымнан аса алмады

30 Қыркүйек 2021, 15:44
887
Бөлісу:
Astana Open: Данилина екінші айналымнан аса алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Анна Блинковамен бірге Astana Open турнирінің жұптық сынында жеңіліске ұшырады.

Турнирдің екінші айналымында Данилина/Блинкова жұбы Натела Дзаламидзе/Кай Юван (Ресей/Словения) жұбынан ұтылып қалды.

1 сағат 33 минутқа созылған кездесу 6:1, 7:6, 10:5 есебімен аяқталды.

Бірінші партияда ресейлік-словениялық жұп басым 6:1 есебімен жеңді. Екіншісінде Данилина мен Блинкова тай-брейкте 7:6 (7:5) есебімен есе қайырды. Супер тай-брейкте Дзаламидзе мен Йуван жеңісті 10:5 жұлып алды. Осылайша, Қазақстандық-ресейлік жұп бір ғана брейктен аса алмады.

Өзгелердің жаңалығы