Astana Mining &Metallurgy: Елімізге трансұлттық компанияларды тарту қандай пайда береді?

20 Қазан 2021, 11:46
1205
Бөлісу:
Astana Mining &Metallurgy: Елімізге трансұлттық компанияларды тарту қандай пайда береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев еліміздің тау-кен металлургия өнеркәсібіне трансұлттық компанияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Біздің еліміздің тау-кен металлургия өнеркәсібіне трансұлттық компанияларды тарту, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға назар аудару осы бағыттағы басты міндетке айналуы керек. Бұл қадам ел ішінде металдарды өңдеу дәрежесін тереңдетуге мүмкіндік береді , - деді Әділбек Сәрсембаев Astana Mining & Metallurgy XI тау-металлургиялық конгресінде сөйлеген сөзінде.

Вице-министрдің айтуынша , маңызды аспектілер - ресурстар мен энергияны үнемдеу саясатын жүргізу, сонымен қатар біздің еліміздің көміртегі бейтараптығын қамтамасыз ету қажет.

Болашақ ұрпақ үшін қатты пайдалы қазбаларды сақтау үшін, бүгінде ең төменгі энергия шығындарымен пайдалы шикізатты барынша толық өндіру үшін соңғы технологияларды қолдану қажет.  Қоршаған ортаны қорғау мен сақтау индустриялық экономиканың болашақта тұрақты дамуының маңызды алғы шарты болып табылады.  Ол үшін бүгінде экономикалық өсу саясатын жүзеге асыру мен жасыл экономика арасындағы тепе -теңдікке қол жеткізу қажет , - деп атап өтті  спикер.

Өзгелердің жаңалығы