Бас жаңалықтар
Astana Media Week-2021 аясындағы байқауға 21 компания өтінім берген
29 Қыркүйек 2021, 17:22 875

Astana Media Week-2021 аясындағы байқауға 21 компания өтінім берген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің медиа саласындағы басты шарадардың бірі «Astana Media Week-2021» екінші күнінің аясында сарапшылар қауымдастығы қоғам мен БАҚ-тың жаңа, ковидтен кейінгі әлемдегі рөлі жайлы әңгімелеп, Қазақстандағы жарнамалық медиа нарығының перспективаларын талдады.

Бұл күн «ҚР Тәуелсіздік кезеңінде БАҚ-тың қалыптасуы» тақырыбындағы дөңгелек үстелінен басталды. Қазақстандық телевизияның дамуы, Журналистер одағының құрылуы және кадрларды даярлау мәселелері туралы қазақстандық журналистиканың майталмандары болып табылатын азаматтар сөз қозғап, пікір алмасты. 


Кейін «Қоғам және БАҚ жаңа, ковидтен кейінгі әлемде» атты панельдік дискуссия өтті. Оған Қазақстан, Швейцария, Австрия елдерінің сарапшылары қатысты. Панельдік дискуссия қатысушылары осы күндері қоғамның қалай өзгеретіні және осы өзгерістердің призмасы арқылы қазіргі заманғы БАҚ қандай болуы керектігі туралы өз көзқарастарын білдірді.


«ҚР жарнамалық медиа нарығы: ағымдағы жағдай, даму перспективалары, проблемалар мен шешімдер» тақырыбындағы дөңгелек үстелі аясында Орта Азия жарнама қауымдастығының сарапшылары мен ірі ТВ-сейлз-хаус өкілдері 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жарнамалық медиа нарығындағы қазіргі жағдаймен бөлісті.

Қатысушылар индустрияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қазіргі жағдайларды ескере отырып, заңнамаға қандай өзгерістер енгізу қажеттігін талқылады. Сондай-ақ, барлық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ОАЖҚ арасындағы өзара әрекеттерінің алғашқы қадамдары жайлы келісіп алды.


«AMW» барысында тұңғыш рет «Fremantle» телевизиялық контентінің еуропалық дистрибьюторы, «Sony Pictures» фильмдері мен телевизиялық бағдарламаларының өндірушісі және дистрибьюторы, «Nbc /Universal» американдық масс-медиа компаниясы, «Kiss Media» телевизиялық өнімдер мен медиа компанияның дистрибьюторы «Global Agency» өкілдері өздерінің үздік өнімдерінің тұсаукесерлерімен Formats Day өтті.

Formats Day қатысушылары бейне контенттің жетекші өндірушілерінің серіктестері болуға мүмкіндік алды.


Astana Media Week-2021 аясында «Біз біргеміз!» атты әлеуметтік бейнероликтер сценарийлерінің тұсаукесерлері кесілді. Іс-шараны «Хабар» Агенттігі» АҚ ұйымдастырды. Жобаға оннан астам қазақстандық продюсерлер мен сценаристер қатысты. Барлығы 20 сценарий ұсынылған, бірақ тек 9 қатысушы іріктеу кезеңінен өтіп, өз идеяларын ұсынды.

Тұсаукесер нәтижесі бойынша Айнұр Асылбекқызы «Отбасылық құндылықтар» атты категориясында жүлдегер атанды. «Экология» категориясында ең үздік сценарист болып Лимара Бектұрғанова атанды. «Қаржылық сауаттылық» тақырыбы бойынша жеңімпаз - Сүлеймен Нұрдәулет болып танылды. Аталған сценарийлер бойынша дайын бейнероликтерді «Хабар» және «Хабар 24» телеарналары көрсететін болады.


«Qazaqstan» РТРК ұйымдастырған питчинг барысында болашақ сериалдардың сценарийлері талқыланды. Мұнда отандық продакшн-студиялардың өкілдері 2022 жылға арналған жаңа сериалдар үшін идеялары мен ұсыныстарын берді. Astana Media Week-2021 аясында өтіп жатқан байқауға 21 компания өтінім берген еді. Телевизиялық жұмыстар Қазақстанның тарихи қайраткерлеріне, ата-бабаларымыздың тарихи мұрасын, ауыл өмірін насихаттауға, рухани астанасы - Түркістанға, тарихи Отанына оралған қандастарға , құтқарушыларға, спортты, халық кәсіпшілігін, ұлттық және отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналуы тиіс. Корпорация жариялаған байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Статистика бойынша, Astana Media Week-2021 екінші күні 6425 онлайн қаралды. Ең үлкен аудитория 25-34 жас шамасындағылар еді. 

«Қоғам және БАҚ жаңа, ковидтен кейінгі әлемде» атты панельдік дискуссия осы күннің ең зор сұранысына ие болды. Оған 1574 адам қосылды. Сосын ең көп қаралған шара «ҚР жарнамалық медиа нарығы: ағымдағы жағдай, даму перспективалары, проблемалар мен шешімдер» дөңгелек үстелі болды. Сарапшылар пікірталасына 1248 көрермен қосылды. 

Сондай-ақ «Қазақ радиосы. Эфирде 100 жыл» шеберлік сағатының аудиториясы да 1136 көрерменге дейін жетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...