Бас жаңалықтар
Астана маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды
07 Ақпан 2019, 09:16 618

Астана маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды

Астана, BAQ.KZ. Қатты аязға байланысты Астана маңындағы ауылдарға қатынайтын экспресс автобус бағдарлары тоқтатылды, деп хабарлайды Астана LRT компаниясы.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 312, 315, 317 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар № 301, 302, 303, 304, 306, 307, 310, 311, 313, 316, 318, 320 бағдарлардың қозғалысы жалғасуда», - делінген хабарламада. Жолаушы тасымалдау компаниясы тұрғындарға барынша сақ болып, тоңып қалмауды, баратын жерін алдын ала ойластырып алуды сұрайды. Автобустың қозғалысы қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарланатын болады. Астанадағы қоғамдық көлікке қатысты жаңалықтарды компанияның әлеуметтік желедегі парақшаларынан немесе alrt.kz сайтынан білуге болады.

Сізден жаңалық