Астана маңына қатынайтын автобустар қозғалысы қалпына келтірілді

8 Ақпан 2019, 11:39
1650
Бөлісу:
Астана маңына қатынайтын автобустар қозғалысы қалпына келтірілді

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының қоғамдық көлігі бағдарларының қозғалысы туралы ақпаратты «Астана LRT» ЖШС жариялады.

«Қала маңына қатынайтын №308 бағдардың қозғалысы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, жолаушыларға № 301, 302, 303, 304, 306, 307, 310, 311, 313, 316, 318, 320 бағдарлар қызмет көрсетуде. «Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 309, 312, 315, 317 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды», – делінген компанияның хабарламасында.

Сонымен қатар, «Астана LRT» ЖШС жолаушыларды абай болып, үсік шалу оқиғаларын болдырмау мақсатында өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі туралы ақпарат «Астана LRT» ЖШС-нің facebook, instagram парақшаларында және www.alrt.kz сайтында жарияланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы