"Астана LRT" орталық кассасы мереке күндері жұмыс істемейді

7 Мамыр 2019, 11:48
2406
Бөлісу:
"Астана LRT" орталық кассасы мереке күндері жұмыс істемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамыр айындағы мерекелерге орай 7, 9, 10, 11 және 12 мамырда Қошқарбаев көшесінде орналасқан орталық касса жұмыс істемейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Құрметті жолаушылар, Сіздерден мамыр айындағы мерекелердің қарсаңында көліктік карталарыңызды алдын ала толтыруыңызды сұраймыз. Көліктік карталарды RTVM терминалдары арқылы, мамандандырылған кассаларда толтыруға болады. Терминалдар мен кассалардың мекен-жайлары туралы ақпарат www.alrt.kz сайтында келтірілген», – делінген «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.
Қалған мамандандырылған кассалар әдеттегі тәртіп бойынша жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы