Astana LRT. Ақшаның көп мөлшері кетіп қалды

14 Қыркүйек 2020, 13:07
2478
Бөлісу:
Astana LRT. Ақшаның көп мөлшері кетіп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов «Желмая» жобасында Astana LRT құрылысына қатысты пікір білдірді. 

Бұл туралы қала әкімі Алтай Сейдірұлы айтқан болатын. Болашақта бәрібір ол салынады. Себебі ол қалаға керек. Қала халқы көбейіп жатыр. Қазір қалада 1,2 млн тұрғын болса, 2030 жылға қарай болжам бойынша 2 млн-ға дейін халық тұруы мүмкін. 2 млн халықтың қала ішінде жүріп-тұруы, еркін қимылдауы, балабақшаға барып-келуін жедел ұйымдастыру үшін LRT қажет. Қазір қалада 4 аудан бар, тұрғындардың ең көбі Есіл ауданында шоғырланған, яғни сол жағалауда. Ал LRT әуежайдан бастап темір жол вокзалына дейін созылған. Болашақта сол жағалауда халық санының көбеюі әбден мүмкін, - деді ол.  

Дәурен Бабамұратов қазір бұл нысанның құрылысына қатысты мәселе әлі де ашық. Бірақ ол міндетті түрде салынады. 
 

Біріншіден, ақшаның көп мөлшері кетіп қалды. Екіншіден, LRT бәрібір керек. Оңтайландыру жұмыстары туралы Көлгінов айтқан болатын. Белгілі бір аялдаманың санын, абаттандыруға кететін қаржыны қысқартамыз. Нақты күнін айту мүмкін емес. Бірақ алдағы 1-2 жылда жүйелі нақты ақпарат болады деп ойлаймын, - дейді Бабамұратов.  

Сондай-ақ, ол Алтай Көлгіновтің жеке қабылдауына жазылатын азаматтар баспана мәселесіне қатысты келетінін айтты. 
 

Келушілердің 50 пайызы осы мәселемен келеді. Оны да санаттарға бөлуге болады. Онда үй кезегімен тұрған азаматтар бар, үлескерлердің мәселесіне қатысты сұрақтар бар. Алтай Сейдірұлы үлескерлердің мәселесіне көп көңіл бөледі. Олармен көп кездесу өткізеді. Одан бөлек, жеке қабылдауға келетін азаматтар ішінде де үлескерлер баршылық, - деді ол. 
 

Дәурен Бабамұратов атап өткендей, қазір үлескерлік жобаны жүзеге асыру өте қиын. 
 

Үлескерлік жобамен тұрғын үй салу үшін міндетті түрде ақша кепілдігін дәлелдеуің керек. Құрылыс компаниясының белгілі бір тәжірибесі болуы керек. Талаптар күшейіп кеткен. Азаматтар қанша басын тасқа соқса да, «үлескер болам» дегендер көп. Үлескерлердің мәселесі шешіліп жатыр. Алайда әлі де сұрақтар бар. Ол Жағалаудағы тұрғын үй кешеніне қатысты болып отыр. Бұл мәселе әкімнің жеке бақылауында, - деді ол. 
 

Кеңесші атағандай, жылыту маусымына қала дайындығы жылдағыдай жақсы.
 

Қазанның басында 5 күннің ішінде ауа температурасы 5 градустан төмен болса, қаладағы әлеуметтік нысандарда жылуды кезеңдеп қосуды бастаймыз, - деді ол. 



 

Өзгелердің жаңалығы