«Астана клубы» кездесуіне қатысушылар қандай мәселелерді талқылады
15 Қараша 2021, 11:48 78

«Астана клубы» кездесуіне қатысушылар қандай мәселелерді талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Пандемиядан кейінгі жаңа әлем» тақырыбына арналған «Астана клубының» алтыншы отырысында айтылды.

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Лидия Пархомчик айтуынша, «Астана клубының» алтыншы кездесуінде әлемдік деңгейдегі маңызға ие тақырыптар талқыланады.

Әлем - өзгеріс үстінде. Жаһандау тенденциясы аса үлкен жыдамдықпен дамып келеді. Пандемия әлем елдерінің экономикасына жаңа ережелер мен ауқымды өзгерістер әкелді. Бүгінгі алаң осындай өзекті мәселерді ашық талқылауға мүмкіндік беріп отыр. Пандемия уақытында мұндай ашық басқосулардың өзі азайған болатын. «Астана клуб» отырысында айтылған проблемалар тек біздің елімізде ғана емес, Орталық Азия елдері үшін маңызы зор болады деген үміттемін, - деді ол.

Сондай-ақ, сарапшының сөзінше, «Астана клубының» жұмысы үш күндік отырыстан кейін де жалғасын табады.

Әлемдік деңгейдегі спикерлер пікірлерін сараптап, оны кеңес ретінде әкімшілікке жіберіп, жаңа өзгертулер мен кеңестер ұсынамыз. Өздеріңіз білетіндей, бұдан бұрынғы 5 кездесу офлайн форматта өтті. Қазір пандемияның қатаң тәртіптері орнап отыр. Бүгінгі таңда аралас форматта өтуде және бұл біз үшін ақпараттық болсын басқа мәселе тудырған жоқ. «Астана клуб» әрқашан Евразия аумағында маңызды мәселелерді қозғайды. Негізгі мәселе - пандемиядан кейінгі жаңа әлем. Жиын кезінде жаңа әлемнің экономикалық және мемлекеттердің саяси ара-қатынастарын сонымен қатар гео-саяси байланыстары туралы тақырыптарды қамтимыз, -деді Лидия Пархомчик.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...