«Астана» клубының спорттық директоры тағайындалды

17 Шілде 2019, 09:15
1772
Бөлісу:
«Астана» клубының спорттық директоры тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана» футбол клубының спорт директоры қызметіне даңқты қазақстандық шабуылшы Нұркен Мәзбаев тағайындалды. 

Ол Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. Жалпы, спорттық карьерасында 1992-2007 жылдар аралығында 362 ойын өткізіп, 138 гол соқты. 

Ел біріншілігінің тарихындағы мергендер көшінде төртінші орында тұр.

1995-2000 жылдар аралығында ұлттық құрама сапында 13 кездесу өткізіп, 2 гол соққан.

Спорттағы жолын аяқтаған соң «Тараз» клубының спорттық директоры болып тағайындалды. 2008-2009 жылы бірінші лигадағы ОСШИОСД, «Лашын» (Қаратау) командаларын жаттықтырды.

Кейіннен Қазақтан жасөспірімдер құрамасы бапкерінің көмекшісі болып қызмет атқарды. 2010 жылы «Тараз» клубы бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеді. Жамбыл облыстық футбол федерациясының вице-президенті болды. Мәзбаев «Тараз» клубынан бөлек, Қазақстан ұлттық құрамасы және Көкшетаудың  «Оқжетпес» командасында бас бапкердің көмекшісі қызметтерін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы