Астана клубы халықаралық диалогтық платформалар жүйесінде бірегей орнын алды – Елбасы

12 Қараша 2019, 10:38
2397
Бөлісу:
Астана клубы халықаралық диалогтық платформалар жүйесінде бірегей орнын алды – Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Астана клубының" бесінші отырысын ашты. 

Атақты саясаткерлерді, сарапшыларды, дипломаттарды Астана клубының бесінші отырысында көргеніме қуаныштымын. Халықаралық диалогтық платформалар жүйесінде Астана клубы өзінің бірегей орнын алды. Бізге қазіргі қауіп-қатерлерден өту үшін және үлкен Еуразиядағы  ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашу үшін ашық, шынайы диалог қажет. Өткен ғасырда 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында көптеген айтулы оқиғалар болды, соның бірі Кеңес Одағының ыдырауы, қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы, Берлин қабырғасының құлауы ортақ әлемнің жалпыға ортақ дамуына жол ашуға үміт берді, - деп айтты Назарабев.
Десе де Елбасы бұл үміттің ақталмағанын, ауқымды қақтығыстардың қайта пайда болуы мен әлем бойынша геосаяси текетірестерді бақылап отырғанын айтты. 
2019 жыл сенім атмосферасын төмендеткен, жаһандық ауқымдағы кооперацияның драмалық оқиғаларына толы болды. Бүгінде пікірталастарда осы дөңгелек үстелде отырған әлемдік деңгейдегі танымал сарапшылар мен саясаткерлер пікірлерін айтып жүр. Сіздер әлемдегі пробелмаларды талқылауда өте маңызды елші саналасыздар, - деді ҚР тұңғыш президенті.
Елбасының қатысуымен "Астана клубының" отырысы басталғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы