Астана әкімі алданған үлескерлердің мәселесін шешетінін айтты

20 Ақпан 2019, 11:46
2015
Бөлісу:
Астана әкімі алданған үлескерлердің мәселесін шешетінін айтты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есеп беру кездесуінде үлескерлік құрылыс мәселесі жеке бақылауында екенін айтты.


«Үлескерлік құрылыс. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Ведомствоаралық комиссия аясында алданған үлескерлермен тұрақты кездесулер өткізіп тұрамыз. Жылдам болмаса да, бұл мәселені шешеміз. Қабылданған шаралардың арқасында проблемалы нысандардың санын 68-ден 29-ға қысқарту мүмкін болды, яғни бұл дегеніміз – 10344 үлескер. Қалған нысандарға қатысты Жол каратсы әзірленді. 2020 жылға дейін жоспарлап отырмыз. Мұның оңай болмайтынын түсінуіміз  керек», - деді елорда әкімі.

Сұлтанов мемлекеттен қаржы бөлінгенін, бірақ бұл қайтарымы бар қаржы екенін еске сала кетті. 

«Жұмыс жүргізіліп жатыр және атқаратын жұмыс та көп. Дегенмен тағы да айтамын, үлескерлік құрылыс менің жеке бақылауымда», - деді Сұлтанов.
Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы