«Астана» кәсіби спорт клубы қалай қаржыландырылады?

7 Қазан 2020, 11:05
2206
Бөлісу:
«Астана» кәсіби спорт клубы қалай қаржыландырылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубын қаржыландыру схемасын өзгерту туралы өткен онлайн брифингте «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов айтты.

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубын қаржыландыру схемасын өзгертіледі. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубын тарату бойынша шешім қабылдады. Клубтарға қатысты барлық құқық пен міндеттеме «Samruk-Kazyna Trust» қорына өтеді. Енді ол спорт клубтарының құрылтайшысы. Көп деңгейлі есептілік пен қаржылық қызметті, сондай-ақ әкімшілік және басқарушылық құрамды ұстауға жұмсалатын  қосымша шығындарды жою мақсатында осындай шешім қабылданды. «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы өз жұмысын жалғастырып, тікелей «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырылатын болады, - деді Асқар Баталов.

Ол атап өткендей, таратылатын ПКСК бұрынғы басшысы - Асқар Баталов «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары ретінде қызметін жалғастырады.

Бүгінгі күні пандемия салдарынан бюджет қысқартылғаннан кейін қаржы мәселесіне қатысты сұрақтар өте көп туындап жатыр. Осы жылдың соңына дейін 2021 жылдың іс-шараларының кестесі жасалады. Өзіндік тарихы, дәстүрі бар кәсіби спорт клубтары күнделікті өмірде ғана емес, сондай-ақ еліміз үшін өте маңызды элементтің бірі. Бұл клубтар өсіп келе жатқан ұрпаққа бағыт көрсетеді. Клуб құрамына кіретін академиялар арқылы балаларды, сондай-ақ спортсүйер көрермендерді тартамыз, - деді Асқар Баталов брифинг кезінде.
Өзгелердің жаңалығы