Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды

5 Ақпан 2019, 21:28
3158
Бөлісу:
Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды
PHOTO

Астана, BAQ.KZ. Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында Ирандағы ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына арналған «Иран каллиграммасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмені Елбасы кітапханасы «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшілігімен бірлесе ұйымдастырды. Көрменің тұсаукесеріне Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының елшісі Маджид Самадзаде Сабер қатысты.

Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды

Іс-шараны Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева ашты.

"Каллиграмма өнерінің 30-40 жылдық тарихы бар. Ирандық наққаши-хатты тарихи жазбалар мен қасиетті жерлерден, мөрлер мен ыдыстардың бетінен кезіктіруге болады. Оның негізін қалаған Пиларам, Мафи, Зендеруди, Афджеии, Ехсаии сынды тұлғалардың жолын бүгінде Саид Хушманеш жалғастырып, калиграмма өнерінің кең таралуына үлес қосып отыр. Айта кетер маңызды жайт Саид Хушманеш каллиграмма көрмесіндегі жұмыстарынан осы өнер тарихының қыр-сырын меңгеріп жазудың және оның оқылуының қиындығынан еш тайсалмағандығын, жаңалықтар енгізу барысында көне дәуірлерге де тиесілі элементтерді шынайылықпен суреттей білгендігін байқауға болады. Сондықтан, Маджит Самадзада Сабер мырза сізге және суретші Саид Хушманеш мырза өзіңізге де, бүгін біздің еліміздің әсіресе біздің жастарымыздың каллиграмма тарихымен танысуына мүмкіндік жасап жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін", - деді ол.

Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды

Өз кезегінде Иран елшісі Маджид Самадзаде Сабер көрменің ашылуына келгендерге алғысын білдірді.

"Сіздерге, шақыруды қабылдап, осы шараға қатысып отырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін! Осы өнер көрмесінде Сіздерді қарсы алу мен үшін үлкен құрмет. Ерте заманнан бастап қазіргі уақытқа дейін иранның жазу өнері үнемі дамытылып отырған. Соңғы жылдардағы осындай маңызды өзгерістердің бірі «жазу суреті» деп аталатын дәстүрлі каллиграфияны қазіргі заманғы сурет өнерімен байланыстыру болып табылады. Бүгінгі көрмеде көрермендерге, осы өнер саласының үздік өнерпазы Саид Хушманеш мырзаның туындылары ұсынылып отыр. Сіздерді осы туындыларды тамашалауға шақырамын", – деді Елші. 

Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды

Сонымен қатар, Қазақстанға алғаш келген ирандық суретші Саид Хушманеш бүгінгі көрменің мақсаты туралы айтты.

"Біріншіден, қазақ халқы мен иран халқының арасында ортақтастықтар болғандықтан және екіжақты байланысты әрі қарай ілгерілету үшін қазақ халқына иран халқының дәстүрлі каллиграфия өнерін танытуды көздедік. Екіншіден, дәстүрлі каллиграфия өнері заманауи өнермен ұштасып, қазіргі бейнелеу өнеріне жақындай түсті. Сол себепті каллиграфия өнерінің жаңа ағымын қазақ халқына көрсетуді ұйғардық. Жалпы, өзім каллиграфия өнерімен 27 жылдан бері айналысып жүрмін, оның 7 жылын осы өнерді оқуға арнасам, қалған 20 жыл бойы каллиграфия және графикалау өнері бойынша дәріс оқып келемін. Осы жылдарда каллиграмма өнері бойынша салу техникамды жетілдірдім. Осыдан он жыл бұрыңғы туындыларыммен қазіргі туындыларым бір біріне мүлдем ұқсамайды. Ал, бүгін, қазақстандықтарға ұсынылып отырған топтамада тазхибпен безендірілген әрі ирандық классикалық және дәстүрлі каллиграфияға жатқызылатын «насталик» жазуы қолданылған бірнеше туынды, сондай-ақ, заманауи ирандық графика және каллиграфия қалыбына келтірілген дәстүрлі насталик және шекасте жазулары қолданылған бірқатар туындылар Сіздердің назарларыңызға ұсынылған", – деп түйіндеді суретші.      

Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды

«Иран каллиграммасы» көрмесі – Елбасы кітапханасы және Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшілігі арасындағы ынтымақтастық  тарихындағы алғашқы оқиға. Ұйымдастырушылар осы көрме арқылы музейге келушілер бейнелеу өнерінің қыр-сырына қанығады деп сенім артуда.

Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды

Иран каллиграммасы – каллиграфияның ажырамас бөлігі. Мұсылман мәдениетінде бейнелеу өнерінің өзіндік бағыты, едәуір даму қарқыны  байқалады. Әрбір каллиграмма көркемділігі мен мазмұндық сәйкестігімен үйлеседі. Суретшінің негізгі міндеті – жазбадағы сырт көрермен қабылдауы мен рухани тереңдікті тауып, жеткізу. Каллиграмма авторының идеясын түйсіну шығарманың терең символизмін көрсетеді.

Астанада «Иран каллиграммасы» көрмесі ашылды
«Иран каллиграммасы» көрмесінде суретші Саид Хушманештің Астанадағы арнайы көрме үшін 3 жыл бойы дайындаған 40-қа жуық картиналары ұсынылатын болады. Саид Хушманеш бүкіл кәсіби және шығармашылық ғұмырын каллиграфия өнеріне арнаған. Өз ісінің шебері ретінде ол жиған тәжірибесін  Ирандағы бірнеше университет студенттеріне үйретіп келеді. «Каллиграфияны оқыту өнері» кітабының авторы. Қазіргі кезде «Өнер философиясы» мамандығы бойынша докторантура мамандығын тәмамдап жатыр. 
Өзгелердің жаңалығы