Бас жаңалықтар
Astana Innovations Challenge 4 мыңға жуық стартапшыны біріктірді
25 Қаңтар 2019, 14:55 1347

Astana Innovations Challenge 4 мыңға жуық стартапшыны біріктірді

Астана, BAQ.KZ. Жуырда елордада ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жаңа алаң ашылатын болады.

Ол мегаполистің стартап-қауымдастығын дамытуға және қолдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты Астана Innovations АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жобаны Астана әкімдігі Астана Innovations АҚ, Seedstаrs Халықаралық бизнес-инкубаторы және BI Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырады.

Астана Innovations ақпаратына қарағанда, бұл алаң Seedstars бастаған ТМД-да алғашқы коворкинг-орталығы болмақ, оның желісіне бүкіл әлем бойынша 70 мыңнан астам стартаптар кіреді. Ол жылына 365 күн тәулігіне 24 сағат ашық және қалалық міндеттерді шешуге арналған. Резиденттердің қызметтеріне менторлардың, кеңесшілердің, техникалық мамандардың үлкен желісі енеді. Сонымен қатар, мұндай формат тек коворкинг-кеңселерді ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың өмір сүруі үшін коливинг-кеңістікті де қарастырады.

2017 жылы компания Astana Innovations Challenge жобасын іске қосты. Ол әртүрлі салаларда қызмет ететін жаңашыл мамандарды, кәсіпкерлерді, стартапшыларды, сарапшыларды және менторларды біріктірді. Бұл бағыт «Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес алға жылжуда, сондай-ақ ол «Смарт Астана тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда 12 стартап-байқау (жеті стартап-уикенд және бес хакатон) өткізілді. Әрбір іс-шараның тақырыбы мегаполис тұрғындарының проблемалық мәселелерінен құралған Астана әкімдігінің қалалық технологиялық міндеттерінің пулынан алынды. 2017 жылдың басынан бері 4 мыңға жуық адам осындай хакатондарға қатысты.

Стартап-марафон барысында қазылар алқасы 120 финалисті анықтады. Жобаларды бағалауға әлемнің 13 елінен 160-тан астам халықаралық ұйым басшылары мен сарапшылары тартылды.

Astana Innovations Challenge қатысушылары тұрғындардың өмірін жеңілдететін және кіреберістерді, шлагбаумдарды және басқа да үй-жайларды ашуға бір кілт пайдалануға мүмкіндік беретін Е-ПИК жобасына тартылды. Бүгін жоба Қонаев көшесі, 35 және 35/1 мекен-жайы бойынша қолданылуда. Осы жобаға 17 кіреберісті енгізу жоспарланып отыр.

Келесі іске асырылған стартап – TuraQShare жобасы (тұрақ орындарын жалға беруге арналған мобильді қосымша). Бүгінгі таңда жоба Астананың алты тұрғын үй кешенінде іске қосылды.

Docchain жобасы – blockchain технологиясын пайдалана отырып, заңды құжаттармен алмасудың қауіпсіз қызметі. Жоба Қазақстанның түрлі алаңдарында сынақтан өтті.

Kompra жобасы – іскерлік серіктестердің адалдығын тексеру сервисі, үш минут ішінде кез келген қазақстандық компанияны 40 заңды және қаржылық көрсеткіштер бойынша тексеруге мүмкіндік береді. Олар: салықтар, сот істері, жосықсыз өнім берушілер, банкрот және жалған кәсіпорындар тізілімдерінде болуы және т.б. Бүгін жоба – Astana Hub IT-стартаптар паркінің резиденті. Ол Қазақстан нарығында сәтті жұмыс істеуде.

Загрузка...

Сізден жаңалық