Astana Hub стартаптары 1000-нан астам жұмыс орнын құрды

14 Желтоқсан 2019, 00:50
2726
Бөлісу:
Astana Hub стартаптары 1000-нан астам жұмыс орнын құрды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркінде стартаптарды дамытудың тегін бағдарламасының қорытындысын шығарды. Әлеуетті инвесторлар алдында өз жобаларын 5 және 6 акселерация ағымы бойынша 15 үздік стартаптар жобаларын қорғады. 

Demo Day аясында Astana Hub стартаптар дамытудың тегін бағдарламасының қатысушылары үш айлық жұмыс пен технопарк қабырғасындағы оқу үдерісінде қандай жетістіктерге жеткендерін айтып берді. Түлектердің басты міндеті - стартаптар - әлеуетті инвесторларды қызықтыру және олардың жобаларын дамытуға инвестициялар тарту. 5 және 6 білім беру бағдарламасының акселерация ағымына келесі қалалардан қатысушылар қабылданды: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Ташкент қалалары.

191 стартап-жоба Қазақстан мен Өзбекстаннан (Ташкент) акселерацияға қатысуға өтінімдерін жіберген болатын. Іріктеу турының нәтижелері бойынша MVP кезеңінде 60 сәтті жоба 12 апта ішінде одан әрі дамыту және масштабтау үшін іріктелді. Айта кететін жағдай, акселерация бағдарламасы кезеңінде стартап-жобалардың сату айналымдары жалпы көлемі 91 миллион теңгеге өссе, стартаптар құрған жұмыс орындарының саны 61 орынды құраған болатын.

Astana Hub - бұл классикалық технопарк қана емес, сонымен бірге қолдау институты және іске қосу үдеткіші. Мұнда стартаптарға салық жеңілдіктері, медиа қолдау және команда үшін жұмыс орындары беріледі. Акселерация бағдарламасы - стартаптармен жұмыс істеудің ең тиімді құралы, әзірге олар әлемде түбегейлі ештеңе ойлап тапқан жоқ. Astana Hub үдеткіші кезекті ретте халықаралық болды деп айтуға болады. Соңғы ағымда Өзбекстаннан келген қатысушы болды. Алдыңғы ағымда Ресейден келген қатысушылар кірді, - деп бөлісті "YellowRockets" акселерация бөлімінің бастығы Аркадий Селезнев. 

Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауынша, Astana Hub аскелерация бағдарламасы халықаралық сарапшылардың 200 сағаттық оқу семинарлары, сала мамандарымен 240 сағат жеке консультациялар, жоба бойынша жеке трекері бар 30 білім беру модульдері, 17 ғылыми-зерттеу зертханаларына кіру мүмкіндіктері, сонымен қатар еліміздің БАҚ орталықтарында орналасып өздері жайында айтуға мүмкіндіктері бар.

Білім беру іс-шараларынан басқа Astana Hub кәсіби нетворкинг, тегін кеңсе кеңістігін, сондай-ақ Технопарктің ресми тіркелген қатысушылары үшін ерекше салық және визалық режимді ұсыну түрінде қазақстандық технологиялық стартаптарды белсенді дамытуға жағдай жасайды.

Біз алғаш рет акселерацияның екі ағынын қатар іске қостық және мұндай тәжірибе Қазақстандағы стартаптардың дамуы мен кәсіпкерліктің қоғамның экономикалық дамуының қозғаушы күші екенін түсіндік. Қазақстандық стартаптарда тек тамаша идеялар ғана емес, оларды жүзеге асыруға ұмтылу да бар. Олардың инновациялық көзқарасы мен еңбексүйгіштігі экономикалық және әлеуметтік салалардағы оң өзгерістерге – нарықта жаңа өнімдердің пайда болуына, қосымша жұмыс орындарын құруға, Қазақстанда адамдардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға ықпал етеді. Әрине, мұндай міндеттер жоқ жобалар бар, бірақ біз Astana Hub командасымен осы маусымда үлкен жұмыс жүргіздік және бүгін айтылған нәтижелер - трекерлердің, менторлардың және барлық стартап-командалардың коллаборациясының жемісі, - деп хабарлады Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркінің атқарушы директоры Әділет Нұрғожин.  

Естеріңізге сала кетейік, Astana Hub-да стартап мектебі, трекерлер мектебі, инкубация және акселерация сияқты стартаптарды дамыту бағдарламалары жұмыс істейді. Технопарктің білім беру жобалары 400-ден астам стартап-жобадан өтті. Жалпы стартап-жобаларымен 1243 жұмыс орны құралды.


 


 

Өзгелердің жаңалығы