Астанада шағын футболдан дәстүрлі «Alash» турнирі өтеді

6 Ақпан 2019, 22:49
2601
Бөлісу:
Астанада шағын футболдан дәстүрлі «Alash» турнирі өтеді

Астана, BAQ.KZ. Елге оралған қандастарымызға қолдау көрсетіп, олардың Қазақстан қоғамына кірігуіне жағдай жасау – «Отандастар» Қорының басым бағыттарының бірі. Осыған орай Қор 2019 жылдың 9 ақпанында елге оралған қандастардың қатысуымен Астана қаласында шағын футболдан қалалық дәстүрлі «Alash» турнирін ұйымдастырады. 

Жарысқа 12 команда қатысып, бақтарын сынайды. Бес жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара еліміздің бұқаралық спортын дамыту мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

"Турнир қалалық, республикалық және халықаралық үш сатыны қамтитын болғандықтан, Елордасы Астана қаласынан бастау алғанын жөн санаймыз. Бүгінде шетелдегі қазақ жастары да «Alash» турниріне қызу дайындық үстінде. Олардың арасындағы жеңімпаз командалар халықаралық қорытынды жарысқа шақырылатын болады" - дейді ұйымдастырушылар.

Әлемге тарыдай шашылған қандастарымыздың көкбайрақты тәуелсіз еліміздің астанасында бас қосып, бір мақсат, бір ниетпен қауышар күні баршамыз үшін қуаныш деп санаймыз. Шараға қатысуға ниетті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеуден өтулері керек. 

Өткізу күні мен уақыты: 09.02.2019, сағат 9.00-де

Өткізу орны: Астана қ., Республика, 60: Кеден спорт кешені
Өзгелердің жаңалығы