Бас жаңалықтар
«Астана фильм» киностудиясының құрылысы тоқтатылды
20 Тамыз 2019, 11:14 326

«Астана фильм» киностудиясының құрылысы тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана фильм» киностудиясы құрылысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Үкімет отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді.

«23-іне брифинг өтеді. Брифингте нақтырақ айтатын боламыз. Жұмыс шынымен тоқтатылды, себебі бұл өте маңызды жоба. Қазір еліміз үшін, қоғам үшін тамаша жоба болуы үшін барлық нұсқалар қарастырылып жатыр», - деді мәдениет және спорт министрі Үкімет отырысынан кейін кулуарда.

Райымқұлованың айтуынша, бүгінде жоба құрылысы есептеліп жатыр және тек объективті себептерге байланысты тоқтатылды. 

Айта кетсек, 2018 жылы қарашада «Қазақфильм» киностудиясының бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов елордада жақын жылдары «Астана фильм» кино студиясы салынатынын айтты. Оның сөзінше, осы мақсатта ЭКСПО аумағында шамамен 50 гектар жер бөлінген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық