ХІІ Астана экономикалық форумында арнайы шолулық зерттеудің таныстырылымы өтеді

15 Мамыр 2019, 21:11
2017
Бөлісу:
ХІІ Астана экономикалық форумында арнайы шолулық зерттеудің таныстырылымы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты арнайы шолулық зерттеудің таныстырылымы өтеді, деп хабарлады «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның баспасөз қызметі.    

ХІІ Астана экономикалық форумында арнайы шолулық зерттеудің таныстырылымы өтеді

Баспасөз конференциясына «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Ерлік Қаражан, Әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жанындағы су мен табиғи апаттар жөніндегі кеңесшісі, ХІІ АЭФ спикері Рае Квон Чунг, Мемлекеттік органдар мен секторға қызмет көрсететін PwC жаһандық тәжірибесінің басшысы, PwC серіктесі Хазем Галяль, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры Айбол Арғынғазинов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының жетекші сарапшысы Күлжан Мұхтар қатысты. 

ХІІ Астана экономикалық форумында арнайы шолулық зерттеудің таныстырылымы өтеді

Шолуды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ дайындады. Ол ХІІ Астана экономикалық форумына арналады. Құжаттың басты мақсаты әлемдегі халықаралық үрдістер мен трендтерді талдау, оларды Қазақстанның жағдайында пайдалану болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда біздің даму бағытымызды түсіну және халықаралық экономикалық конъюнктурамен тұрақты негізде сәйкестендірілу қажет. 

Онымен қоса, шолу ХІІ Астана экономикалық форумының негізгі тақырыптық бағыттарын ашуға мүмкіндік береді және іс-шара қатысушыларын аталған тақырыптарды талқылауға дайындайды. Аталған зерттеудің сарапшылармен дайындалғанын және ең алдымен сараптамалық қоғамдастыққа арналғанын және шолу сипатына ие болғанын, сәйкесінше, қорытынды зерттеу болып табылмайтынын атап кеткен жөн. 

ХІІ Астана экономикалық форумында арнайы шолулық зерттеудің таныстырылымы өтеді

Шолудың зияткерлік серіктестері Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры, Boston Consulting Group, PWC, Еуропалық және Азия даму банктері, сондай-ақ Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитет болып табылады. 

Шолуда АЭФ-тың шетелдік қатысушыларының өз бағыттары бойынша берген пікірлері мен ұсыныстары көрсетілген: Нобель сыйлығының лауреаттары, беделді әлемдік экономистер мен саясаткерлер. Қазақстандық сараптама қоғамдастығына қызық болған сұрақтарға берілген жауаптар талдамалық шолудың күшті жақтарының бірі болып табылады. 

Нақты айтқанда мынадай тұлғалар өз ұсыныстарын берді: Халықаралық валюта қорының құрылтайшы директоры Кристин Лагард, Колумбия президенті (2010-2018), әлемнің 2016 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Хуан Мануэль Сантос, Колумбия Университеті Жер институтының директоры Джеффри Сакс, Ресей Жинақ банкінің Президенті мен Басқарма төрағасы Герман Греф, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Армида Салсия Алишахбана және тағы басқалары.

Шолуда қазіргі заманғы әлемде бар негізгі сын-қатерлер анықталды:
1. Халықаралық институттар рөлінің төмендеуі; 
2. Санкциялар және сауда соғыстары; 
3. Әлемдік экономикадағы өзгермелі протекционизм; 
4. Жаңа «қаржы көпіршіктерінің» сын-қатерлері; 
5. Мемлекеттік борыштың өсуі; 
6. Өсу полюстерінің ауысуы; 
7. Технологиялық жарыс; 
9. Климаттың жаһандық өзгеруінің сын-қатерлері; 
10. Жаһандық теңсіздік.

Қазақстан үшін негізгі мүмкіндіктер қосымша берілген: 

1. Қазақстандағы адами капитал және демографиялық сын-қатерлер;    
2. Төртінші өнеркәсіптік революция: ертенгі күннің технологиялары; 
3. Зияткерлік урбандалу: ертенгі күн қалаларының тұжырымдамалары;
4. Тұрақты дамуға арналған инклюзивтік экономикалық өсу; 
5. Жаңа энергия көздері; 
6.Инвестициялық тартымдылық нүктелері.  

«Жалпы, осындай ауқымды зерттеуді жүргізу осы жылғы форумның жаңалығы және ерекшелігі болып табылады. Біз ХІІ Астана экономикалық форумы өзінің мазмұндық бөлігімен, нақты ұсынымдардың, тетіктердің және құралдардың көптігімен ерекшеленеді деп сенеміз. Ең алдымен берілген ұсынымдар қазақстандық жағдайларға бейімделген және осы жағдайда пайдалануға арналған болады. Шолу Экономикалық зерттеулер институтының www.eri.kz ресми сайтында жарияланған, сондай-ақ мемлекеттік органдарға, сараптамалық және бизнес қоғамдастық өкілдеріне және басқа да мүдделі тараптарға жіберілетін болады», - деді акционерлік қоғам өкілдері.   


Өзгелердің жаңалығы