Бүгін Астана экономикалық форумы басталады

16 Мамыр 2019, 09:01
2351
Бөлісу:
Бүгін Астана экономикалық форумы басталады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада XII Астана экономикалық форумы басталады. 



Биылғы форумның тақырыбы -  «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» деп аталады. 

Форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар келген. Жалпы, форумға 5 492 адам тіркелген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, БАҚ өкілдері тарапынан да қызығушылық жоғары екен. 30 елден 710 тілші келіпті. Мысалы, Euronews журналисі Штефан Гробе (Stefan Grobe), сондай-ақ CNN тілшісі Джон Дефтериос (John Defterios) форум аясында кейбір сессияларды жүргізетін болады.

Бүгін Астана экономикалық форумы басталады

Шақырылған қонақтардың арасында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард (Christine Lagarde), Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн (Han Zheng), Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян (Armen Sarkissian), Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа (Risto Siilasmaa), экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2018), Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018) Пол Ромер (Paul Michael Romer) бар.

«Проблемаларды шешу және неғұрлым жоғары және инклюзивті өсуге қол жеткізу үшін әлем негізді ішкі саясатқа қосымша тығыз халықаралық ынтымақтастықты қажет етеді. Астана экономикалық форумы сияқты іс-шаралар өңірлік ынтымақтастыққа арналған платформа болып табылады», - дейді Кристин Лагард.

Өзгелердің жаңалығы