"Астана" Белградтағы ойынға қатысатын футболшылардың тізімін жариялады

7 Желтоқсан 2019, 14:09
10845
Бөлісу:
"Астана" Белградтағы ойынға қатысатын футболшылардың тізімін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  "Астана" футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы ойынын Сербияның "Партизан" клубымен сырт алаңда өткізеді. Клубтың баспасөз қызметі осы ойынға аттанған футболшылардың тізімін жариялады.

Кеше "Астана" футбол клубының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Белградқа аттанды. Елорда командасы ол жақта қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында "Партизанға" қарсы кездесу өткізеді.

Сербия астанасына команда төмендегі құраммен аттанды: 
қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, Владислав Саенко;
қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Сағи Совет;
жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мұжықов, Дорин Ротариу, Рунар Сигурьонссон, Жасұлан Қайыркенов, Мәди Жақыпбаев;
шабуылшылар: Рангело Янга, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко.
Марин Томасов, Лука Шимунович, Жарко Томашевич және Фирмин Мубеле жеке бағдарлама бойынша қалыпқа келуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, "Партизан"- "Астана" арасындағы кездесу желтоқсанның 12-нен 13-іне қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 02:00-ге жоспарланған. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Өзгелердің жаңалығы