Астанада "Өнер барысы" өтеді

18 Наурыз 2019, 18:41
3511
Бөлісу:
Астанада "Өнер барысы" өтеді

Астана, BAQ.KZ. Наурыз мейрамын мерекелеу аясында қазақ күресінен «Өнер Барысы» республикалық турнирі өтеді. 

Жиырмаға жуық палуан чемпиондық белдікті сарапқа салады. Олардың ішінде боз кілемге 16-36 жас аралығындағы шығармашылық маман өкілдері, танымал әртістер мен музыканттар шығады. Әншілер, айтыскерлер, актерлер, КТА-ға қатысушылар ұлттық спорт түрінен шеберлік байқасады.

Олардың қатарында Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин, Ардак Байғабыл, Ғалым Махамбетов, Ақболат Өтебай, Сырымбет Бибосынов, Хамит Ердехан және тағы басқалар бар.

Сайыс 21 наурызда сағат 14:00-де «Дәулет» спорт кешенінде өтеді

Өзгелердің жаңалығы