«Астана» банкінен ақша жымқырған әпкесі мен інісіне қатысты іске сот үкімі шықты

6 Қазан 2020, 04:35
1394
Бөлісу:
«Астана» банкінен ақша жымқырған әпкесі мен інісіне қатысты іске сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» банкінен ақша жымқырған әпкесі мен інісіне қатысты іске сот үкімі шықты, деп хабарлайды Аtameken Business.

ВИП-клиенттердің шотынан ақша ұрлаған банкир келіншекке 10 жыл бостандығынан айыру жазасы берілді.
Сондай-ақ, Тайото Лэнд крузер маркалы көлігі тәркіленіп, банкте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Ал оның бауыры 6 жыл, 8 айға түрмеге жабылды. Оның қымбат екі көлігі, 8 пәтері мен бір ғимараты тәркілінді. Ол соңғы жылдары жылына бірнеше рет шетелде қымбат қонақ үйлерде демалып, аста-төк той жасап, элиталы пәтерлер мен люкс көліктер сатып алған.

Күдікті өзіне тағылған айыптарды соңына дейін мойындамады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандықтан, кірісін дәлелдей алмайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы