Бас жаңалықтар
"Астана Банкінің" салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі тағы ұзартылды
27 Қаңтар 2020, 16:01 164

"Астана Банкінің" салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі тағы ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразиялық банкі бөлімшелерінде "Астана Банкі" АҚ салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі 2020 жылдың 27 шілдесіне дейін ұзартылды. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) мен Еуразиялық банк тиісті келісімге қол қойды.

Еуразиялық банкі бөлімшелерінде "Астана Банкі" АҚ салымшыларының өтініштері қабылданып, қарастырылады және төлем жүргізіледі. Салымшының таңдауы бойынша ақша қолма-қол төленуі немесе банктік шотқа аударылуы мүмкін.

Еуразиялық банкі "Астана Банкі" АҚ салымшыларына өтемді 2019 жылғы 26 қаңтардан бастап, ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен төлейді. Салымшылар алдындағы міндеттемелердің 75%-ы төлем басталғаннан бастап, алғашқы үш күнде, 95%-ы - бірінші айда өтелді. Бүгінгі таңда "Астана Банкі" АҚ салымшыларына 37 млрд теңге төленді, ал агент банкке жүгінбеген салымшылардың алдындағы міндеттемелердің қалдығы бастапқы міндеттемелер сомасынан тек 1%-ды құрайды, - делінген хабарламада.

Төлем алуға өтініш берген салымшылардың саны көп емес. 

"Астана Банкі" АҚ 268 мың салымшыларының тек 59 мың салымшысы агент банкке жүгінген, ал бүкіл аймақтар бойынша жүгінулердің пайызы 28%-дан аспайды. Негізгі себеп - аз қалдықты шоттардың көп саны: талап етілмеген депозиттердің шамамен 95%-ы - бес мың теңгеден кем сомаға, оның ішінде 80%-ы - бір мың теңге шегінде. Салымшылар, әдетте, шағын депозит бойынша өтем алуға асықпайды. Алайда, ірі депозиттер да қалуда. Агент банкке әлі өтініш білдірмеген екі салымшы ең жоғары өтем сомасына – 10 млн теңге, 30 салымшы – млн теңгеден астам, 346 адам – 100 мың теңгеден астам, 5 мың адам – 10 мың теңгеден астам депозиттері бар, - делінген таратылған ақпаратта.

Осы жағдайда ҚДКБҚ және Еуразиялық банкі басшылығы "Астана Банкі" АҚ салымшыларына олар тұратын және жұмыс істейтін орындарда төлем алу мүмкіндігін одан ары да қамтамасыз ету қажет деп санады. Еуразиялық банк Қазақстанның 33 қаласында ұсынылған және 17 филиалы мен 114 бөлімшесі бар, ал кейбір бөлімшесі демалыс күндері де жұмыс істейді.

"Астана Банкі" АҚ салымшыларын Еуразиялық банктің кез келген бөлімшесінде күтуде. Егер салымшы төлем алуға жеке өтініш білдірсе, бөлімшедегі шот менеджеріне жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну жеткілікті, ал өтініш бланкісін сол жерде толтыруға болады. Өтінішті қараудың және ақша төлеудің ең ұзақ мерзімі - 5 жұмыс күні.

Агент банкі салымшылардың сенім білдірген тұлғаларының да өтініштерін қарайды. Сенімхат нотариус куәландыруы тиіс. Бас және арнайы немесе бір реттік сенімхатты да қабылдайды.

ҚДКБҚ-дан төлемнің ең жоғары сомасы – теңгедегі депозиттер бойынша (салымдарды, ағымдағы шоттарды және төлем карточкаларын қоса алғанда) 10 миллион теңгені, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңгені, таратылатын банкте бір мезгілде теңгемен және шетел валютасымен орналастырылған бір салымшының депозиттері бойынша – 15 млн теңгені (соңғы жағдайда – 5 млн теңгеден аспайды) құрайды.

Барлық төлемдер — тек қана теңгемен есептеледі. Шетел валютасындағы салымдар бойынша өтеу банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша – 2019 жылғы 9 қаңтарға: депозиттер бойынша АҚШ долларымен – 373,66, еуромен – 427,80, ресей рублімен – 5,57 бойынша есептеледі, - делінген хабарламада. 

Kdif.kz сайтында "Өтемді төлеу" бөлімінде жеке жағдайларда қажетті құжаттардың толық тізбесі қолжетімді: сенімхат бойынша, тегін, атын, әкесінің атын ауыстырған, азаматтығын ауыстырған немесе жоғалтқан кезде, кәмелетке толмаған, мұрагерлерге төлем. Салымшылар 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша ҚДКБҚ call-орталығына кеңес алу үшін жүгіне алады. Агент банктің барлық қалаларындағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары Еуразиялық банктің eubank.kz ресми сайтында қолжетімді. 

Айта кетейік, "Астана Банкі" АҚ 2018 жылдың 18 қыркүйегінде барлық банктік операцияны жүргізуге лицензиядан айрылған болатын. 2018 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен банкті ықтиярсыз тарату туралы шешім қабылданды. Бұл шешім 2019 жылдың 9 қаңтарында заңды күшіне енді. 2019 жылдың 26 қаңтарында "Евразиялық банк" АҚ Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қорының атынан және қаражаттары есебінен салымшыларға – жеке тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге өтеуді төлей бастады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры "Астана Банкі" АҚ, Qazaq Banki АҚ және "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ салымшыларына төлем жасауды жалғастыруда. Осы банктердегі депозиттердің 99,3%-ы толығымен кепілдікпен қорғалды және салымшылар жинақталған сыйақысы бар өз депозитінің толық сомасына өтемақы алды немесе алуға құқылы.

Әрбір үш банктің салымшылары алдында орындалған міндеттемелердің пайызы 98% – дан асады: "Астана Банкі" АҚ-да – 98,8%, Qazaq Banki АҚ-да - 98,9%, "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ-да - 99,4%. Қазіргі уақытта үш банктің салымшыларына Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының резервінен 57,7 млрд теңге төленді.

Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚДКБҚ барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан банктің айрылу күнінен бастап 35 жұмыс күні ішінде төлеуді бастайды – сот шешімдерін күту алынып тасталды.

2018 жылғы қазанда қазақстандық қаржы нарығында 15 млн теңгеге дейін (теңгемен салымдар бойынша) жоғары кепілдікпен жинақ салымдары пайда болды. Қазіргі уақытта банк жүйесі бойынша депозиттердің 99,8%-ы толық сомаға қорғалған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...