Астанада өз-өзін жармақ болған азамат жауапқа тартылды

22 Ақпан 2019, 22:22
2057
Бөлісу:
Астанада өз-өзін жармақ болған азамат жауапқа тартылды

Астана, BAQ.KZ. Астанадағы "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында үкімет мүшелерінің келуін талап етіп, талабы орындалмаған жағдайда "газ баллонын жарамын" деп қорқытқан азамат Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылды.

Астана полиция департаменті таратқан мәлімдемеде "Қоғамдық тәртіп бұзуған азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Жамбыл облысының әкімдігі құқыққа қайшы әрекеттің тууына себеп болған мән-жайлардың барлығын қарастырады" деп жазылған.

Департамент мәліметінше, ұсталған адамның мәселелері Жамбыл облысы әкімдігінің атынан жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда ер адам қолында жанғыш заты бар бөтелке ұстап тұрған. Жанында газ баллоны болған. Оқиға орнын қоршап алған полицейлер сәлден соң ер адамды ұстап, полиция бөлімшесіне алып кеткен.

Жамбыл облысының тумасы 20 жыл бойы жер телімін ала алмай келе жатқанына наразы болған.

Өзгелердің жаңалығы