Астаналық полицейлер ұрланған 1,5 млн теңгені иесіне қайтарды

24 Қаңтар 2019, 18:19
4048
Бөлісу:
Астаналық полицейлер ұрланған 1,5 млн теңгені иесіне қайтарды

Астана, BAQ.KZ. Полицияға 29 жасар қала тұрғыны арызбен жүгінген. Ол белгісіз адамның қонақ үй холынан ішінде 1,5 млн теңгесі бар рюкзакті ұрлағанын хабарлайды. Тәртіп сақшылары күдіктіні қонақ үйде қолға түсірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Жәбірленушінің айтуынша, ол рюкзакті үстелге қойып, бірнеше минутқа бір жерге шығып кеткен, ал қайтып оралғанда, рюкзактің жоғалғанын анықтаған. 

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері бейне-бақылау камерасы арқылы ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді. 46 жасар ер адам Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы тексеру жалғасуда. 

Астана қаласының полицейлері азаматтарды сақ болуға шақырады. Себебі қоғамдық орындарда «қалта ұрлықтары» мен жеке мүліктерді ұрлау оқиғалары жиі орын алады. Осыған орай азаматтарды қырағы болуға, өз мүліктерінің сақталуын қадағалап, жеке заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады. 

Полицейлер аталған адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендерді «Сарыарқа» ауданы ПБ-на (Ақбұғы көшесі, 2) немесе 8 (7172) 71-66-14, 71-66-76, 71-60-69 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы