Бас жаңалықтар
Мереке күндері Астанада 70-тен астам тәртіп бұзылып, 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелген
02 Қаңтар 2019, 13:49 361

Мереке күндері Астанада 70-тен астам тәртіп бұзылып, 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

Астана, baq.kz. Мереке күндері Астана полиция департаментінің 2 мыңға жуық қызметкері мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеді.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, қабылданған шаралар нәтижесінде елордадағы криминогендік жағдай тұрақты болды. 

«2018 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Астанада қылмыстық сипаттағы 72 құқық бұзушылық тіркелді. Олар негізінен автокөліктен және адамдар көп жиналатын басқа да орындардан жеке заттарды ұрлауға қатысты. Бұл ретте аталған 72 қылмыстың 11-і, яғни 15 пайыздан астамы ізін суытпай ашылды. Қабылданған шаралар арқасында қоғамдық орындар мен көшелерде ауыр құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ», - делінген хабарламада. 

Белгілі болғандай, бейне бақылау камерасы арқылы 4 қылмыстың беті ашылған. Сонымен қатар көңіл көтеретін орындардың маңында төбелес фактілері анықталды. Бұдан бөлек 250-ге тарта әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Сондай-ақ, мереке күндері Астанада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Жол-көлік оқилары кезінде зардап шеккендер болмады. 2018 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін 7 жүргізуші көлікті ішімдікке масайған күйінде басқарғаны үшін ұсталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер коммуналдық автотұраққа қойылды», - делінген Астана қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.

Фото: Нұржас Жақсыбай
Загрузка...

Сізден жаңалық