Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

9 Қаңтар 2019, 11:41
6803
Бөлісу:
Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек
PHOTO

Астана, baq.kz тілшісі. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қаланы дамыту бойынша 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданғанын мәлім етті.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

Оның айтуынша, қалалық ортаның сапасын арттыру мақсатында 2018 жылы Астана қаласында тұтас құрылыс салу бойынша 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданыпты.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

«Көліктік инфрақұрылым саласындағы жыл сайынғы көлік санының 8-9%-ке өсу деңгейіне байланысты 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 көліктік жол айрығы, 3 көпір, 1 жол өтпесі, 1 тоннель, сондай-ақ, ең алдымен жеңіл рельсті көлік (LRT) салу жоспарланып отыр. Көліктік қаңқасын қалыптастыру елорда жолдарында негізгі магистральді жеңілдетуге және көлік коллапсын туындау ықтималдығының алдын алуға мүмкіндік береді», - деді ол Астана қаласы активінің отырысында.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

Осы орайда қала әкімі 2023 жылға дейін елордаға көшіп келетін өсім есебінен мектеп жасындағы балалар контингенті 124 мың адамды құрайтынын атап өтті.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

«Мектепте орын тапшылығын жою үшін 37 мектеп, 10 қосымша жапсырлас ғимарат (барлығы 63 мың орындық) салынады. Мектепке дейінгі біліммен 100% қамту үшін (63 358 балаларды) 25 балабақша салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында 15 нысан салу жоспарланған», - деді Сұлтанов.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

Сонымен қатар ол ТКШ-і тұрғындарын сапалы қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 150 км сумен жабдықтау желілері және 81 км су бұру желілері салынатынын жеткізді.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

«2-ЖЭО жаңғырту қосымша 2-2,5 млн шаршы метр тұрғын үй және коммерциялық ауданын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. 3-ЖЭО 1-кезегін салу қаланың батыс және сол жақ бөлігінде жылумен қамтамасыз етеді, ал 3-ЖЭО 418 Гкал/сағат қуатты 2-ші кезегін салу МЖӘ тетігі арқылы жоспарланған. Сондай-ақ, 110 кВ 3 қосалқы станцияның құрылысы және 110 кВ әуе желілерін қайта жаңарту жоспарланған», - деді Бақыт Сұлтанов.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

Қала әкімі аталған жұмыстар ЖРК, Мыңжылдық Аллеясы, Железнодорожный кентін электрмен қамтамасыз етуге және қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі жүктемені төмендету мүмкіндік беретінін атап өтті.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

Сонымен қатар Сұлтанов 2020 жылға қарай бірінші кезеңде ЖЭО су қыздырғыш қазандарын газға көшіру жоспарланып отырғанын, сондай-ақ Көктал, Оңтүстік-Шығыс, Шұбар шағын ауданы, Family Village, Garden Village, Өндіріс, Агроқалашық, Теміржол, Пригородный, Тельман тұрғын үй алаптарындағы шағын жеке қазандықтарды газға көшірілетінін хабарлады. Оның пікірінше, бұл зиянды заттардың ауаға тарауын 30%-ке азайтады. 

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

«Кешенді жоспар аясында нөсерлі кәріз проблемасын шешу жоспарланып отыр. 2019 жылы жер бетіндегі ағынды суды кедергісіз бұруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады. Жалпы су жинау көлемі 5 жыл ішінде 13 мың га-дан 23 мың га өседі 2030 жылға дейінгі игерудің (34,6 мың га) 66,2% алаңын құрайды», - деді ол.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

Осы орайда Сұлтанов қаланы дамытуға арналған кешенді жоспарды іске асыруға алдын ала 1,5 трлн теңге қарастырылған жеткізді.

Астананы дамытуға 1,5 трлн теңге бөлінбек

«Кешенді жоспарды іске асыру қаланың және тұтастай ел экономикасының дамуына оң әсер етеді. 5 жыл ішінде бюджетке 7 трлн теңге түседі, сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 6 трлн жоспарланған. Бұл 300 мың жаңа жұмыс орындарын ашуға және 3 млн турист тартуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін қала әкімі.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада үлескерлердің мәселесі қашан шешілетінін және жастар мәселесіне арналған сall-center ашылғанын жазғанбыз.

Дәурен Ерболат

Өзгелердің жаңалығы