Астананы көркейтуге жеке азаматтарда үлес қоса алады

10 Қаңтар 2019, 20:08
3132
Бөлісу:
Астананы көркейтуге жеке азаматтарда үлес қоса алады

Астана, baq.kz. Елорданың урбанистика орталығы қаланы көркейтуге қатысты ұсыныстарды Астанадағы өмірге бей-жай қарамайтын  азаматтардан жинайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады. 

Қала тұрғындары мен қонақтары қалада өмір сүруді жақсартуға  қатысты өз идеяларын жүзеге асыра алады. 

«Сен біздің қаланы жақсы және жайлы етудің амалын білесің бе? Біз үшін сенің маңызды! Біздің қаланың белсенділер командасы Астананы көркейтуге атсалысқысы келетін азаматтардың ұсыныстарын жинайды», - делінген хабарламада. 

Ол үшін http://moderator.city/smartcitizen  мекен-жайындағы сауалнаманы толтырасыз.  

Бұдан кейін сіз өз ауданыңызға қажетті кеңістіктер бағдарламаланатын талқылаулар мен практикумдарға  қатыса аласыз. Сауалнамалар 15 қаңтарға дейін қабылданады. 

Аталмыш жоба қала, аудан әкімдіктері мен белсенді астаналықтардың қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы