Бас жаңалықтар
Асқар Жұмағалиев бала кезінде қандай пәнді жақсы көргенін айтты
04 Қазан 2020, 17:12 127

Асқар Жұмағалиев бала кезінде қандай пәнді жақсы көргенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалған Асқар Жұмағалиев Facebook-тегі парақшасында ұстаздарды мерекелерімен құттықтады.

Бала кезімнен математиканы жақсы көрдім. Мектепте оқығанда математика пәні болатын күні сабақтан қалмауға тырысатыным есімде. Ұстазым қатаң немесе ымыраға келмейтін болғандықтан емес (расын айтқанда, математиктер сондай болатын), бұл сабақ мен үшін өте қызық өтетін. Үнемі шешу жолдары қиын әрі қызықты есептер мен тапсырмалар күтіп тұратын. Ұстаздарым Гүлсім Әбдірахманқызы мен Анна Ивановнаны жиі еске аламын. Сандар мен логикаға деген қызығушылығымды оятып, қиын есептердің шешімін табуда жүйелі ойлауға үйреткені үшін оларға алғысым шексіз. Құрметті педагогтар, ұстаздарым, сіздерді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздық жолды таңдағаныңыз үшін мың алғыс! Елдің болашағы білімді ұрпақ десек, сол ұрпақты білім нәрімен сусындатуда аянбай тер төгіп келесіздер. Сіздер әр оқушының жүрегіндесіз. Шәкірттеріңіз сіздерді ешқашан ұмытпайды, - деп жазды ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...