Бас жаңалықтар
Асқар Мамин Жапония елшісімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады
28 Мамыр 2019, 19:46 439

Асқар Мамин Жапония елшісімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет үйінде Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады. Бұл туралы Рrimeminister.kz мәлімдеді. 

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. 2018 жылы ҚР мен Жапония арасындағы тауар айналымы 54% өсіп, $2 млрд құрады. 

Инвестициялар, ауыл шаруашылығы, технологиялар, инновациялар салаларындағы Қазақстан мен Жапонияның экономикалары арасындағы синергия перспективалары қаралды. Тараптар аталған бағытта екі елдің кәсіпкерлерінің іскерлік байланыстарын тереңдетудің және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер іздестірудің алаңына айналатын Қазақстан – Жапония бизнес форумын өткізу мүмкіндігін талқылады.   

ҚР Үкіметінің басшысы стратегиялық серіктестікті дамытудың маңызды мәнін атап өтіп, Қазақстанның технологиялық даму саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға деген қызығушылығын растады. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін арттыруға жол ашады және екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді.

Загрузка...