Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов Әлем чемпионатын тамашалады

29 Сәуір 2019, 23:12
2394
Бөлісу:
Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов Әлем чемпионатын тамашалады
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден 1-дивизионның А тобындағы құрамалары арасында Әлем чемпионаты басталды. 

"Барыс-Аренадағы" Қазақстан мен Словения кездесуін тамашалағандар арасында Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов және "Отандастар" қорының президенті Нұртай Әбіқаев бар. Айтпақшы, Асқар Ұзақбайұлы Қазақстан Республикасы шайбалы xоккей федерациясының президенті екенін естеріңізге сала кетейік.


Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов Әлем чемпионатын тамашалады



Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов Әлем чемпионатын тамашалады

Қазақстан алғашқы ойында Словенияны жеңді. Қорытынды есеп - 3:2. Бірінші кезең үш гол соққанымызбен, соңғы жағы драмаға толы болды. 

Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов Әлем чемпионатын тамашалады


Бірінші дивизионның А тобында Қазақстан мен Словениядан бөлек, Венгрия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Литва құрамалары бар. Осылардың арасында ең көп ұпай жинаған екі құрама келесі жылы элиталық топқа жолдама алады. 


Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов Әлем чемпионатын тамашалады


А тобындағы алғашқы ойында Оңтүстік Корея мен Венгрия кездескен болатын. Бұл матчта таңғы жұпар елінен келген хоккейшілер ірі есеппен жеңіске жетті (5:1). Беларусь құрамасы  Литвадан басым түсті. (4:3).

Айта кетейік, Әлем чемпионаты 5 мамырда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы