ASPO Open space: Ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

18 Сәуір 2019, 15:05
2714
Бөлісу:
ASPO Open space: Ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында құқыққорғау саласында алғаш рет жобалық кеңсе ашылды. Open space  форматындағы жаңа кеңсені Ұлттық бюрода штаб басшысы Хәкім Құшқалиев таныстырды. 

«Өздеріңіз білетіндей, қазір мемлекеттік органдарды трансформациялау процестері жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.  Сол себептен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы да бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда.  Бұрын хабарлағанымыздай, 2019 жылдың қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш жыл мерзімге арналған дамуының жол картасы бекітілген болатын. Құжат орган қызметінің барлық бағыты бойынша түбегейлі, әрі іс-жүзінде заманауи өзгертуге бағытталған. Бұл - кадр саясатын жетілдіру, ішкі процестерді орталықтандыру және ішкі процестерді цифрландыру, органның ашықтығы және клиентке бағдарлануы, халықаралық ынтымақтастықты күшейту, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік», - деді ол.

ASPO Open space: Ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

Жалпы жол картасы аясында біз 15 жобаны іске асыруды жоспарланған.

«Әрине, олардың тиімділігі, көп жағдайда, адами ресурстарға және осы жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан, агенттік төрағасы А.Ж. Шпекбаев Ұлттық бюрода жобалау кеңсесін құру туралы шешім қабылдады. Оның ең басты мақсаты - жол картасын сапалы іске асыру және орган қызметіне жобалау тәсілдерін енгізу болып табылады. Біздің кеңсе ғимараттың 5 - қабатында орналасқан. Экранда бөлмелердің дизайнын толық көре аласыздар, олар көгілдір-ақ стильде орындалған.Бұл түстер ашықтықтық, мақсаттылық, тазалық және айқындық мағынасын білдіреді. Жобалау кеңсесі open space ашық кеңістік қағидаты бойынша жасалған. Онда, тиімді қарым-қатынас жасау үшін қандайда бір кедергілер, оның ішінде қабырғалар жоқ», - деді спикер.

ASPO Open space: Ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

Айтуынша, open space арқасында әртүрлі қабатта орналасқан 3 кабинет босаған.

«Жалпы, барлық көршілес кабинет әйнектермен бөлініп, біркелкі стильдегі кабинеттерге өзгертілген. Бұл жұмыс орындарын оңтайландырды және бөлім қызметкерлерін бір жерге шоғырландыруға мүмкіндік берді. Әртүрлі қабатта орналасқан 3 кабинет босады. Біздің ойымызша, жұмыстың жаңа форматы командалық рухты нығайтуға, үдемелеуге пайдалы және ерекше шығармашылық атмосфера береді», - деді ол.

ASPO Open space: Ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

Жобалау кеңсесінің логотипі 4 әріптен тұратын ASPO аббревиатурасы түрінде жасалған.

ASPO Open space: Ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

«Жобалау кеңсесінің логотипі туралы біраз тоқталып өтсем. Ол 4 әріптен тұратын ASPO аббревиатурасы түрінде ұсынылған, Anti-corruption Service Project Office – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жобалық кеңсесі болып түсіндіріледі. Алғашқы екі әріп көк түсте орындалған, ол мақсатқа ұмтылушылықты, ұйымдасқандықты және жауапкершілікті бейнелейді. Сонымен қатар, көк түс адам ойын маңызды мақсаттарға шоғырландыруға, алынған ақпаратты талдамалауға, ымыраға келуге көмектеседі. Логотиптің екінші бөлігі сұр түсті. Ол шыншылдықты, ақыл-ой мен үйлесімділікті бейнелейді», - деді спикер.

ASPO Open space: Ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

Айтуынша, Жалпы жобалау кеңсесі идеядан «іске асыруға дейін» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Қызықты ойлар мен ұсыныстар Brainstorm форматында жасалады.

ASPO Open space: Ұлттық бюро жобалау кеңсесін таныстырды

«Жобалау кеңсесінің басты құрамдас бөлігі адами ресурстар болып табылады. Сондықтан, онда ең білікті және бастамашыл мамандар іріктелді. Жобаларда қатысқан барлық қатысушы сертификатталған жаттықтырушыдан жобаларды басқарудың қажетті дағдыларын бекіте отырып, оқудан өтті. Ағымдағы қызметтің және қызметкерлер жүктемелеуінің жобаларды толыққанды іске асыруға мүмкіндік бермейтіні құпия емес, сондықтан олардың кейбіреулерінің күнделікті жұмыстары жеңілдетіледі. Осылайша, біз Ұлттық бюроның жол картасы шеңберінде жобаларды тиімді іске асыру үшін барлық жағдайды жасадық», - деп түйіндеді сөзін спикер.

Өзгелердің жаңалығы