Неліктен балаларға аспирин қабылдауға болмайды

23 Қазан 2019, 09:57
9737
Бөлісу:
Неліктен балаларға аспирин қабылдауға болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аспиринді 12 жасқа дейінгі балаларға тұмау кезінде ғана емес, басқа да аурулар кезінде мүлдем беруге болмайды.  

Бұл туралы терапевт-дәрігер Ирина Ярцева "Звезда" телеарнасына берген сұқбатында айтты. 

Дәрігердің айтуынша, вирустық инфекция мен ацетилсалицил қышқылы қосарласқан кезде баланың бауыры зақымдалып, Рейе синдромы туындауы мүмкін. Терапевт бұндай асқыну бала үшін қауіпті екенін атап өтті. 

"Қарапайым аспиринді қабылдау бала ағзасында мұндай реакция туындататынын ешкім аңғармай қалады. Бірден бауырды тексеру ойларына келмейді", - дейді Ирина Ярцева.

Zdrav.kz мәліметінше, Рейе синдромы - 15 жасқа дейінгі балалардың бауырларында май тінінің жиналып қалуы мен мидың ісінуімен жүретін өте сирек кездесетін бұзылыс. Бұл синдром тұмау және желшешек сияқты вирустық инфекцияны басынан өткергеннен кейін туындауы мүмкін. Аспирин осы синдромның болуын едәуір арттырады, сондықтан 20 жасқа дейінгі жастарға вирустық инфекция кезінде аспирин қолданбау керек, тек қана дәрігер рұқсатымен ғана қабылдағаны дұрыс.

Сондай-ақ, Ярцеваның сөзінше, аспирин ішімдік ішкеннен кейін бас жазуға көмектесетіні шындыққа жанаспайды. Керісінше препарат ішімдіктің уытты әсерін арттыратын көрінеді.


Өзгелердің жаңалығы