Әскери жасақ жоғалған баланы тапты

14 Мамыр 2021, 22:41
1021
Бөлісу:
Әскери жасақ жоғалған баланы тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 мамыр күні сағат 16:15 шамасында елорданың Есіл ауданында орналасқан «Жетісу» саябағы маңында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқарып жүрген әскери жасақтан ер адам көмек сұрады.

5573 әскери бөлімі 4 жедел мақсаттағы ротасының жасақ бастығы ефрейтор Мәди Тұрсынғазы, патрульшілер қатардағы Азамат Ысқақов пен Кирилл Герольдқа 6 жасар баласының жоғалғанын айтып, оны табуға көмектесуін өтінеді.

Ұландықтар дереу әскери топ бастығына баланың жоғалғаны туралы хабарлап, көрші бағыттардағы жасақтарға ақпарат таратады. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде көп ұзамай жоғалған бала табылды. Баласын құшағына алған азамат Б.Сейінбеков әскери жасаққа адал қызметтері мен жедел көмектері үшін алғыс білдірді, - делінген Ұлттық ұланның баспасөз хабарламасында.

 



Өзгелердің жаңалығы