Әскери теңізшілер Каспий теңізіне жорыққа шығады

2 Қазан 2021, 11:11
2197
Бөлісу:
Әскери теңізшілер Каспий теңізіне жорыққа шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрамында Әскери-теңіз күштерінің «Орал», «Сарыарқа», «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық корабльдері, «Алатау» мина-тралдық кораблі және «Жайық» гидрографиялық кемесі бар топ Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы акваториясында жиын-жорық жасайды. 

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын-жорық 8 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде әскери теңізшілер әуеде, теңізде және өзгермелі нысанаға оқ атуды жүргізеді, корабльдердің жауынгерлік оқу-жаттығуларды өткізеді, тар су айлағында, жағалау маңында және күрделі гидрометеорологиялық жағдайда жүзуін пысықтайды.

Әскери теңізшілер Каспий теңізіне жорыққа шығады

Бұдан өзге, кемелер топ құрамында бірлескен маневр жасайды. Әскери теңізшілер вахтаны жүріп бара жатып ауыстыруды ұйымдастырады, дабыл құралын пайдалана отырып ақпарат беруді жүзеге асырады, сондай-ақ корабльдің өміршеңдігі үшін күрес пен апатты жағдайдағы кемені тастап шығу жөніндегі нормативтерді пысықтайды.

Әскери теңізшілер Каспий теңізіне жорыққа шығады

Осындай жиын-жорықтар кеме экипаждарының практикалық дағдыларын жетілдіруге, Әскери-теңіз күштері жүзу құрамының әскери-теңіз машық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы