«Әскери сенім» жобасының мақсаты – азаматтық тұлғалармен өзара байланыс орнату

18 Қыркүйек 2021, 20:07
4041
Бөлісу:
«Әскери сенім» жобасының мақсаты – азаматтық тұлғалармен өзара байланыс орнату

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZтілшісі. Бір ай бұрын әскери полиция бас басқармасы армияда болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат алу үшін сайт және мобильді қосымшаны іске қосты. Жаңа жобаның құқық бұзушылықпен күресудің, сондай-ақ әскери қызметшілермен және халықпен кері байланыс орнатудың жаңа құралы ретінде қаншалықты маңызды екенін Қарулы Күштер Әскери полициясы бас басқармасының офицері подполковник Нұрлан Тайғараев айтып берді.

 

– Нұрлан Мырзахметұлы қош келдіңіз! Жалпы «Әскери сенім» жобасы туралы айта кетсеңіз. Мақсаты мен міндеті қандай, кімдерге арналған?

– «Әскери сенім» жобасының негізгі мақсаты – әскери полиция органдарының әскери қызметшілерімен, олардың отбасы мүшелерімен, азаматтық тұлғалармен өзара байланыс орнатуы. Яғни, кез келген әскери қызметші, азаматтық тұлға осы қосымшаны өзінің мобильдік телефондарына орнатып, оларға белгілі болған заңсыз әрекеттер бойынша бізге хабарлама бере алады.

 – Жобаның іске қосылуына шамамен бір ай болды. Қазіргі таңда қосымшаны қанша адам қолдануда?

– Бір ай ішінде бізідің әскери қызметшілер әскери бөлімдер мен мекемелерде мобильдік қосымшаға қосылу әдістері мен мүмкіндіктері туралы жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта шамамен екі жарым мың адам қосымшаны жүктеді.

– Осы уақыт аралығында қанша арыз және хабарлама келіп түсті? Жалпы олар қандай бағытта жазылған?

– Аптасына шамамен 8-10 хабарлама келіп түседі. Бағдарлама іске асырылғаннан бері шамамен 50 хабарлама келді. Хабарлама арасында әскери қызметтен заңсыз босатылғаны туралы арыздар, тұрғын үй төлемдері бойынша шағымдар бар. Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылық туралы фактілер де кездеседі. Мысалы, Тараз гарнизонында әскери қызметін өткеріп жүрген сарбаздың анасы бөлім басшылығының әркеттері бойынша арызданды. Гопитальден шығып, оңалтуда жүрген баласын нарядқа қойған. Осылайша әр хабар бойынша біз қолданушыларға тексеріс жүргізіп, хабарын, жауабын береміз.

– Жалпы Қазақстан әскерінде құқық бұзушылықпен қалай күрес жүргізілуде?

– Заң бұзушылықты азайту мақсатында әскерлерде «Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында профилактикалық он күндіктер, айлықтар, әр түрлі акциялар өткізіледі. Мысалғы, Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында әскери қызметтен босату мен кейінге қалдыруға ұсынылғандар туралы шақыру комиссиясының шешімдері қарастырылуда. Сонымен қатар, жылдың аяғына қарай, біз қылмыстық құқық бұзушылықтың 10-15%-ға төмендеуін күтеміз.


Өзгелердің жаңалығы