Әскери музей қорына тарихи құжаттар тапсырылды
PHOTO
7 Мамыр, 18:32 778

Әскери музей қорына тарихи құжаттар тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушы күні Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мұрағат құжаттарын салтанатты түрде музей қорына тапсыру рәсімі өтті.

Документалист, сарапшы Ақмарал Баталова оларды Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан алды.

Аталған бірегей материалдар 1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагқа Жауынгерлік ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігінің айғағы.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев қатысты. Ресей Федерациясының атынан Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші Алексей Бородавкин болды.

Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды. Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың ерлігі – жалпыға мәлім факт, дегенмен енді әскери музейде олардың батырлығы мен қайсарлығын айғақтайтын құжат сақталады, – деді генерал-майор Серік Борамбаев.

Қатысушылар осындай шара Ұлы Отан соғысының батырларын мәңгі жадымызда сақтау үшін маңызды оқиға және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеудегі алар орны ерекше екенін атап өтті.


Фото: дереккөз
Загрузка...