Әскери қызметшілер марапатталды

15 Желтоқсан 2020, 09:04
2541
Бөлісу:
Әскери қызметшілер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштерде барлығы 45 әскери қызметші наградталды.

Ұлттық мереке қарсаңында Ақордада Президент Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановты ІІ-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, авиабаза командирінің орынбасары подполковник Иван Гаврилконы ІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады. 

Қорғаныс министрлігінде Тәуелсіздік күніне арналған онлайн форматта салтанатты жиналыс өтті. 

Елбасының стратегиялық шеберлігінің, көрегенді де сыңдарлы саясаты мен парасаттылығының арқасында Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен еліміздің қорғаныс қабілеті ұдайы нығаюда», - деп өз сөзінде қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев атап өтті. 

Әскери қызметшілер марапатталды

Қорғаныс министрімен өткен салтанатты жиналыс барысында көзге түскен әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етілді. Жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін қорғаныс министрінің бұйрығымен 14 офицерге мерзімінен тыс әскери атақтар берілді. 

2019 жылдан бері өткізіліп, әскерлерде үлкен танымалдыққа ие болған және өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіруде әскери қызметшілерге жігерлендіретін «Әскер тарланы» конкурсының қорытындысы шығарылды.
Аталған конкурстың қорытындысы бойынша мамандықтар бойынша 24 үздік әскери қызметшіге естелік мүсіндер, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. 

Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы Күштердің 2020 жылғы тыныс-тіршілігінің жоғары нәтижелерін атап өтті. Коронавирустық инфекциясынан туындаған пандемиясына қарсы іс-шараларға белсенді қатысумен қатар, армия қарқынды дамуын жалғастыруда. 

Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың, радиоэлектрондық күрестің, әскери-көлік авиациясының қазіргі заманғы құралдарымен жарақтандыру іске асырылуда. Әскерге жаңа қару-жарақ келіп түсуде, қолданыстағы әскери техникаға күрделі жөндеу және жаңарту жүргізіледі. 

Қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерделеу негізінде әскерлерді даярлау компоненттері жетілдіріледі. Арнайы операциялар күштерін дамыту мәселелері басты назарда. Оқыту бағдарламасына армиялық тактикалық атыс енгізілді, армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша сабақтармен қамту кеңейтілді. 

Әскери ғылым мен рационализаторлық жұмыс жетілдіріледі. Әскери мамандар дрондарға қарсы қарудың, ұшқышсыз ұшу аппараттарының, оқу тренажерларының үлгілерін әзірледі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданған жүйелі шаралар бюджет қаражатын ірі көлемде қымқыруға жол бермеуге, жемқорлықпен құқық бұзушылықтар санының және сол себепті сотталған әскери қызметшілердің ың азайуына мүмкіндік берді. 

Әскери қызметшілерді тәрбиелеу процесіне олардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларын қамтитын ситуациялық кейстері бар 50 оқу модулі енгізілген. 

Командирлердің дербестігі мен бастамаларын көтермелеу, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Бүгінде әрбір жауынгер өзінен не талап етілетінін жақсы түсініп, өзінің кәсіби деңгейін арттыру үшін саналы түрде жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы