Әскери альпинистер тағы бір шыңды бағындырды

7 Мамыр 2022, 17:48
1899
Бөлісу:
Әскери альпинистер тағы бір шыңды бағындырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тау дайындығы орталығы нұсқаушыларының командасы «Батыр-панфиловшылар» шыңын бағындырды. 

Теңіз деңгейінен 4120 метр биіктікке дейін жететін шың Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында орналасқан.

Әскери альпинистер бұл жолғы жетістіктерін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арнап отыр.

Әскери альпинистер тағы бір шыңды бағындырды

«Қарулы күштердің 30 жылдығына біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өткен шыңды бағындыру шарасына 18272 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік және арнайы (тау) дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Аманжол Рахметов басшылық жасады. 

10 адамнан тұратын топтың құрамына Қазақстанның танымал альпинистері Қарулы күштердің әскери қызметшілері майор Мақсұт Жұмаев, капитан Василий Пивцов, сержант Александр Софрыгин және т.б. кірді.

Кәсіби шеберлігін тағы бір рет дәлелдеген альпинистер командасы шыңның ең биік нүктесіне Қазақстанның туын тікті.

Өзгелердің жаңалығы