Әскер спортшылары бокстан Әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама алды

4 Қараша 2021, 21:42
721
Бөлісу:
Әскер спортшылары бокстан Әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскер спортшылары Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан бокстан Әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Теміртас Жүсіпов Беларусь елінен келген қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Армия спортшысы ақтық сында Сахил Алахвердови (Грузия) - Вуттичай Юрачай (Тайланд) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі. Шешуші жекпе-жек 5 қарашаға жоспарланған.

Дәл осы күні мерзімді әскери қызметтегі қатардағы жауынгер Махмұд Сабырхан Үнді боксшысымен жекпе-жекті 5:0 есебімен ұтты. 5 қарашадағы ақтық сында ол Билал Беннама (Франция) - Томоя Цубой (Жапония) арасындағы жекпе-жекті жеңген боксшымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, финалға шығу үшін Қазақстанның тағы бір әскер спортшысы Токио-2020 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері кіші сержант Сәкен Бибосынов (51 келі) жұдырықтасады.


Өзгелердің жаңалығы