Асқар Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарларымен кездесті

15 Қараша 2021, 23:03
742
Бөлісу:
Асқар Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчук бастаған делегацияны қабылдады.

Тараптар отын-энергетика секторындағы – жер қойнауын пайдалану, мұнай және газ, электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективаларына, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға ресейлік компаниялардың қатысуы мәселесіне ерекше назар аударылды.

Ресейден Қазақстанға дизель отынын жеткізу, Ресей көмірсутектерінің ҚР аумағы арқылы тасымалдануы және т. б. мәселелер қаралды.

Мұнай-газ химиясы саласында – полипропилен, полиэтилен, бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды.


Өзгелердің жаңалығы