Бас жаңалықтар
Асима Жакубалдина: "Елорда атауының өзгеруінде терең мән жатыр"
24 Наурыз 2019, 14:15 630

Асима Жакубалдина: "Елорда атауының өзгеруінде терең мән жатыр"

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Жас әрі сенімді өрлеу жолына түскен Нұр-Сұлтан қаласы қазақстандықтарды біріктіреді. "Nur Otan" партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асима Жакубалдина елорданың атауы өзгеруіне қатысты осындай ой айтты.

Асима Балтабекқызының айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі басқарған отыз жылда Отанымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосты.

"Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап, біздің мемлекет ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бұл - Тұңғыш Президенттің қажырлы еңбегінің айғағы. Сондықтан, елорданы арман қалаға айналдырған текті тұлғаның атымен атау - заңдылық,  Ұлт Көшбасшысының ұлы ісін мойындау.

Әрине, отыз жыл деген тарих үшін қас-қағым уақыт. Десек те, осы қысқа уақыттың ішінде Еуразия жүрегінен орын алған астанамыз Орталық Азияның ғана емес, күллі әлемнің назарын аудартқан халықаралық маңызды бастамалардың, инновациялардың, экономикалық және саяси жаңалықтардың орталығына айналды", - дейді Асима Балтабекқызы.

Оның айтуынша, бірегейлігімен айшықталатын сәнді де сәулетті ғимараттарға, жалпы қаланың архитектурасына қонақтар тамсана қарап, таңдай қағуда. Мұның барлығы - Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі.

"Иә, елорда - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегінің бір бөлшегі, төл перзенті. Біз - бүгінгі жастар балаларымыз бен немерелеріміз, шөберелеріміз, болашақ ұрпақ Ердің ерлігін білуі үшін, жан жүрегімен түйсінуі үшін бар игілікті жасауымыз керек", - деп атап өтті Асима Жакубалдина.

Сонымен қатар, ол Астана атауының өзгеруінде терең мән-мағына жатқанын айтады.

"Яғни, бұл -  тұрақтылықтың, салиқалы саясаттың, үздіксіз даму мен тыныштықтың нышаны. Біздің жас әрі сенімді өрлеу жолына түскен Нұр-Сұлтан қаласы қазақстандықтарды біріктіреді, сондай-ақ халықаралық қауымдастықта өз позициясы бекіген үстіне беки бермек және ықпалы арта беретініне шүбә келтірмейміз", - деп ойын аяқтады.


Ибраш Әли


Загрузка...