Бас жаңалықтар
«Ashyq» қосымшасы: «Қызыл» статуспен қоғамдық орындарға барғандар жазалана ма?
19 Сәуiр 2021, 18:05 129

«Ashyq» қосымшасы: «Қызыл» статуспен қоғамдық орындарға барғандар жазалана ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану объектілерін, тәрбие мен білім беруді санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқарамасының басшысы Марал Рахимжанова жауап берді.

Оның айтуынша, пилоттық жобаның бастапқы кезеңінде жауапкершілікке тарту шарасы қолданылмады. Қазіргі күні халық арасында оң нәтижелі ПТР сараптамасымен қоғамдық орындарға баруға тыйым салынатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аурудың белгілері болмаса да оң нәтижесі бар адамның инфекция тарататыны туралы түсінетіндей уақыт өтті. Алайда көптеген адамның әлі де жауапкершілігі төмен. Инфекция жұқтырушы адамға 14 күн оқшаулану қажеттігі туралы ескертпе қағаз беріледі. Егер жағдайы госпитализацияны талап етсе, ауруханаға жатқызылады, - деді ол.

Оның айтуынша, Әкімшілік кодексте талаптарды сақтамаған азаматтарды айыппұл салу арқылы жауапкершілікке тарту жөніндегі баптар бар. 

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі 425-бап бойынша айыппұл мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіш. Қоршаған ортағы, айналаға қауіпі бар ауруды жасыру туралы 431-бап бойынша айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш, - деді ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...