Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын жұмысын тоқтатады

29 Шілде 2021, 19:12
1896
Бөлісу:
Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын жұмысын тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстанның бес қаласында 2 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі тоқтатылады. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында айтылған.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап:

1) орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұрылсын;

2) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

3) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталсын;

4) «Ashyq» жобасынан тыс:

- құрылыс жұмыстарын жүргізуге;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне;

- жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне;

- туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.);

- қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметінерұқсат етілсін;

5) «қоңыр қызыл» аймақта демалыс күнінің шектеу шаралары енгізілсін.

Қаулының толық мәтінін мына сылтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар. 



 

Өзгелердің жаңалығы