Ashyq: Батыс Қазақстанда «қызыл мәртебесі» бар 216 адам тіркелді

24 Қыркүйек 2021, 18:28
8529
Бөлісу:
Ashyq: Батыс Қазақстанда «қызыл мәртебесі» бар 216 адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев хабарлады. 

Оның айтуынша, облыс бойынша Ashyq бағдарламасында 3385 бизнес нысаны тіркелген.

Оның ішінде 142 нысан Ashyq көшбасшысы болып табылады. Ай басынан бері санитарлық-карантиндік режимді бұзған 322 адам анықталды, оның 216-і – «қызыл» мәртебесі бар тұлға, - деп атап өтті Айдар Нұралиев. 

Айта кететін жайт, облыста барлығы 167 мониторингтік топ жұмыс істеп тұрған көрінеді. 

Тек соңғы жұмада 83 рейд жүргізілді. 689 объекті тексеріліп, 12 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, - деді өңір басшысының орынбасары. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда 200 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы