Ashyq: 1 аптада Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 39 жолаушы анықталды

17 Мамыр 2021, 14:00
1258
Бөлісу:
Ashyq: 1 аптада Назарбаев әуежайында «қызыл» мәртебесі бар 39 жолаушы анықталды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ashyq жобасын іске асырудың алғашқы 7 күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері «сары» мәртебесі бар 36 жолаушыны, «қызыл» мәртебесі бар 39 жолаушыны анықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, алгоритмге сәйкес, «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, содан кейін ауруханаға жатқызылды.

2021 жылғы 12 мамырдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы толыққанды іске қосылды. Біз барлық жолаушыға (ұшып шығатын) әуежайға келмес бұрын қосымшаны жүктеп алып, өздерінің мәртебесін тексеру керек екенін ескерткіміз келеді. Терминал ғимаратына «сары» және «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар жіберілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда қаражатты қайтару жөніндегі мәселелерді әуекомпанияға жолдаған жөн, - делінген әуежай хабарламасында. 

Ashyq қосымшасындағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграция арқылы келеді және жолаушының қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табылмайтындығын анықтайды.

Кідіріс жасамау үшін қосымшаны алдын ала орнатып, мәртебеңізді алдын-ала білуіңіз керек. Әуежай қызметкерлерінің айлақ ғимаратына кіреберісте планшеттері бар. Смартфондары жоқ жолаушылар өз ЖСН-ін қызметкерлердің планшетіне енгізіп, өз мәртебесін біле алады. ЖСН жоқ шетелдік жолаушыларға келетін болсақ, олар өздерінің мәртебесін әуежай қызметкерлерінің планшетіне төлқұжат нөмірін арқылы тексере алады.

 

Өзгелердің жаңалығы