Бас жаңалықтар
Ашық үкімет порталында 3,5 мыңнан астам мемлекеттік мәлімет жинақталған – Балаева
23 Қазан 2020, 13:00 155

Ашық үкімет порталында 3,5 мыңнан астам мемлекеттік мәлімет жинақталған – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында айтты.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Осының негізінде азаматтар ашық үкімет порталы базасында ақпаратқа еркін қол жеткізу мен оны тарату бойынша өз конституциялық құқықтарын жүзеге асырып келеді, - деді министр.

Ашық үкімет порталы аясында 4 платформа жұмыс істейді:

- Ашық мәліметтер;

- Ашық бюджет;

- Ашық нормативтік-құқықтар актілері;

- Ашық диалог.

Оның айтуынша, қазіргі таңда порталда 3,5 мыңнан астам ашық мемлекеттік мәлімет жинақталған. 

Сонымен қатар 74 мың бюджеттік бағдарлама жобалары жарияланған. 64 мың нормативтік-құқықтық актілер жобасы бар. 65 мыңнан астам пікір жазылып, бірінші басшылардың блогына жазылған 367 мыңнан аса өтініш қаралған. Дегенмен қоғам тарапынан порталға жүктелген мәліметтерге қатысты орынды сын-пікірлер де айтылып жүр. Мысалы, кей ақпарат оқуға ыңғайсыз, сұрақтарға дер кезінде жауап берілмейді, - деп атап өтті Аида Балаева.

Министр осы мәселе бойынша Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Ақпаратқа қол жеткізу мәселесі жөніндегі» заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар бергенін айтты.

Бұл түзетулер 2 негізгі шешімді қарастырады. Біріншісі, жауапкершілік пен бақылауды күшейту. Ол үшін Ақпарат және қоғамдық министрлігі мәліметтерге қол жеткізу саласындағы өкілетті органның фукнциялары берілетін болады. Әр мемлекеттік органда қолданысқа штаттық бірлік есебінен өкілетті құрылым немесе лауазымды тұлға тағайындалады, - деді ақпарат министрі.

Балаева айтқандай, заңнамалардың орындалуын ең жоғарғы деңгейде бақылауда ұстау үшін ақпаратқа қол жеткізу саласының ахуалы туралы Президентке жыл сайын есеп беріледі.

Екіншісі, ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның кейбір нормасын қолдану аясын кеңейту. Айта кетсем, ақпарат иелері қатарына мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерін, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдарды қосу ұсынылды. Мысалы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Балаева өз министрлігі Жолдауды қалай жүзеге асырып жатқанымен бөлісіп, «Қоғамдық бақылау туралы» заң қашан қабылданатынын айтты.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...