Ашық сайлау науқанын ұйымдастыруға ниеттіміз – ҚКХП

21 Қазан 2020, 13:32
1279
Бөлісу:
Ашық сайлау науқанын ұйымдастыруға ниеттіміз – ҚКХП

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мәлімдеме жасады.

Бұл туралы партияның ресми сайтында хабарланды.

Ел Президентінің Конституцияда белгіленген мерзімде сайлау өткізу жөніндегі Жарлығы біз күткен қадам еді және белсенді саяси үдеріске арналған жоспарымызды растай түсті. Бізде тең құқықты күреске қажетті ресурстардың бәрі бар және біз сайлау науқанына жетістікке қол жеткіземіз деген сеніммен кірісуге дайынбыз. Бұл қазақстандықтардың социализм идеяларына, тең құқыққа және игілікті әділ бөлуге деген сенімінің нақты көрсеткіші. Біздің әлеуметтік әділдікке қол жеткізу жөніндегі мызғымас қағидаттарымыз әлемдік дағдарыс кезеңінде экономика мен әлеуметтік саланың орнықтылығын сақтап, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы сайлау – биліктің өкілді органдарына қатысуын ұлғайтуға және өміршеңдігін растауға мүмкіндік беретін кезең.

Партиялық тізім бойынша мәслихаттарға сайлау өткізу партия жақтастарының мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту үшін жаңа мүмкіндікке жол ашады. Біз өңірлердегі проблемаларды жақсы білеміз. Олардың дамуы бойынша нақты пайымдауымыз бар және әрбір адаммен тыңғылықты жұмыс істейміз. Біздің идея – елді нығайту, әділеттілік, бірлік, барлық азаматтың келісімі мен тең құқы, әрбір адамның лайықты өмір сүруі. Біз тиімді сайлау өткізуге сенімдіміз және жұмысымызға қолдау көрсету үшін Қазақстанның гүлденуін қалайтын барлық патриотты белсенді қатыстыра отырып, сындарлы және ашық сайлау науқанын ұйымдастыруға ниеттіміз, - деп мәлімдеді ҚКХП Орталық Комитеті.

Өзгелердің жаңалығы