Қашықтан оқыту технологиялары маңызды рөл атқарады – Көшербаев

16 Қыркүйек 2020, 15:43
1689
Бөлісу:
Қашықтан оқыту технологиялары маңызды рөл атқарады – Көшербаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуразия ұлттық университетінде «Қашықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер» тақырыбында өтіп жатқан онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция кезінде айтылды.

Конференцияға қатысушыларға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау сөзі оқылды.

Мемлекеттік хатшының сөзінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған пандемия бірнеше күннің ішінде маңызды экономикалық бағыттармен қатар білім жүйесінің де параметрлерін қайта құруды қажет ететіндігін көрсетті.
Қазақстан жедел шешімді талап ететін сын-қатерлерге жедел жауап берді. Осылайша, бүкіл қоғам ұлттық жетістіктерді, оның ішінде білім беру саласын сақтауға жұмылдырылды. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі білім беру жүйесін қашықтан оқытуға жүйелі түрде көшуге мүмкіндік беретін цифрлық технологияларға ерекше мән береді. Осы мақсатта білім беру бағдарламаларының мазмұны саласында бірқатар реформа жүргізу тапсырылды, - деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек  Көшербаев.
Сондай-ақ, оқу бағдарламаларының ыңғайлығы мен көпөлшемділігі, қашықтықтан оқыту әдістерін жетілдіру, білім беру мекемелерін цифрландыруды толық аяқтау міндеттері бұрынғыдан да маңызды екенін айтты.
Заманауи білім беруде озық ақпараттық технологияларын жедел енгізе отырып, одан әрі дамыту мәселелері, білім беру мекемелерінің қызметін толық цифрландыру, білім беруді модернизациялау перспективаларына баса назар аударуылуы қажет. Алдымызда жаһандық сын-қатерлерді тез арада шешуге және оларға қарсы күресу міндеті тұр. Сонымен қатар білім беру жүйесін жаңарту білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибе қашықтан оқыту технологиялары маңызды рөл атқаратынын көрсетті, - деді Мемлекеттік хатшы.
Сөз соңында Көшербаев конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы