АШМ: Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 81,3%-ы жиналды

14 Қыркүйек 2021, 13:28
2490
Бөлісу:
АШМ: Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 81,3%-ы жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 12,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 81,3%-ы жиналды. Ағымдағы орташа өнімділік гекатарына 9 ц құрап, 11,7 млн тонна астық бастырылды, - делінген хабарламада.

Егін жинау науқаны штаттық режимде өтуде және барлық қажетті жанар-жағармай мен ауыл шаруашылығы техникасымен толық көлемде қамтамасыз етілген.



Өзгелердің жаңалығы